Жарияланды: 420

Қырғызстанның біріккен бюджетінің кірісі 7 айда 24,1 млрд сомды құрады

Бішкек. 19 тамыз. "Қазақстан Бүгін" - Қырғызстанның біріккен бюджетінің кірісі 7 айда 24,1 млрд сомды құрады, деп хабарлайды агенттік тілшісі Қырғызстанның Орталық қазынашылық мекемесінің алдын-ала мәліметтеріне сілтеме жасап.

Ал өткен жылдың осы мерзімінде бюджет кірісі 39%-ға өскен, бұл 6,7 млрд сомнан асады. "Қырғызстан бюджетінің кірісіндегі басты үлесті салық кірістері иемденеді. Мемлекет қазынасын толтыратын басты көз - осы салық. Салық кірістерінің жалпы көлемі 18,9 млрд сом болды, соның ішінде Қырғызстанның Мемлекеттік салық комитеті 10,1 млрд сом, Алым-салықтар жөніндегі мемлекеттік комитет - 8,8 млрд сом жинады", - деп хабарлайды Орталық қазынашылық мекемесі. Барлық салық кірістерінің номиналдық өсімі өткен жылдың тіисті мерзімімн салыстырғанда 35,7%, немесе 4,9 млрд сом болды. $1 - 34,4 сом. Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін