Қырғызстанның ЕурАзЭҚ аясында Қазақстан , Ресей мен Беларусь құрған Кедендік одаққа бірігуге барлық мүмкіндіктері бар - kaz.caravan.kz
  • $ 472.48
  • 550.06
+20 °C
Алматы
2026 Жыл
26 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қырғызстанның ЕурАзЭҚ аясында Қазақстан , Ресей мен Беларусь құрған Кедендік одаққа бірігуге барлық мүмкіндіктері бар

Қырғызстанның ЕурАзЭҚ аясында Қазақстан , Ресей мен Беларусь құрған Кедендік одаққа бірігуге барлық мүмкіндіктері бар

Бішкек. 26 маусым. "Қазақстан Бүгін" - Қырғызстанның ЕурАзЭҚ аясында Қазақстан, Ресей мен Беларусь құрған Кедендік одаққа бірігуге барлық мүмкіндіктері бар. Бұл туралы ЕурАзЭҚ бас хатшысы Тайыр Мансұров Қырғызстан президенті Құрманбек Бакиевпен және осы елдің үкімет басшысы Игорь Чудиновпен кездесу барысында мәлімдеді, деп хабарлайды агенттік тілшісі.

  • 26 Маусым 2008
  • 387
Фото - Caravan.kz

Құрманбек Бакиевпен әңгіме барысында Т. Мансұров ЕурАзЭҚ-тың Мемлекетаралық кеңесіңнің 2007 жылдың 6 қазанында өткен отырысында қабылданған шешімдердің орындалу барысы және ЕурАзЭҚ Мемлекетаралық кеңесіңнің алдағы қыркүйек айына межеленген мемлекет басшылары деңгейіндегі кездесуіне дайындық барысы жайлы хабардар етті.

Тараптар сондай-ақ, Қырғызстанның ЕурАзЭҚ аясында Қазақстан , Ресей мен Беларусь құрған Кедендік одаққа бірігу мүмкіндігін талқылады. И.Чудинов Қырғызстанның оған әлеуеті толық екенін жеткізді.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті