Қырғызстанның кеден қызметі өз міндеттерін шекарашыларға жүктемек - kaz.caravan.kz
  • $ 477.48
  • 555.83
+26 °C
Алматы
2026 Жыл
27 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қырғызстанның кеден қызметі өз міндеттерін шекарашыларға жүктемек

Қырғызстанның кеден қызметі өз міндеттерін шекарашыларға жүктемек

Бүгін «Ақ жол» бақылау-өткізу пунктінде болған Қырғызстан Республикасының вице-премьер-министрі Абдырахман Маматалиев

  • 27 Қаңтар 2015
  • 397
Фото - Caravan.kz

2015 жылдың 1 мамырынан бастап кедендік қызмет өз функцияларын қырғыз-қазақстандық шекарадағы бақылау-өткізу пункттеріне тапсыратынын мәлім етті. 

«Бүгінде шекара қызметі кеден қызметінің міндеттерін қабылдауға дайын. Кеден қызметінің өкілдігі қырғызстандық-қазақстандық шекарада ғана тапсырылады. Мемлекеттік шекара қызметі (МШҚ) өткізу бекетінде тәртіпті орнату үшін үнемі шаралар ұйымдастыруы, сонымен бірге жеке құрам арасында түсіндіру жұмыстарын жүргізіп, оларды Қырғызстанның КО-ға кіруі аясындағы талаптар мен шарттар бойынша оқытуы керек», — деді ол.

МШҚ төрағасының орынбасары Искендер Мамбеталиевтің сөзіне қарағанда, «Ақ-Жол-автожол» бақылау-өткізу пунктінің жеке көлік иелері мұнда алдымен жүк көліктерін өткізетініне наразы. Бұл уақытта жеңіл көліктер кедендік үрдістердің аяқталуын күтуге мәжбүр. Вице-премьер шекара қызметі қазақстандық тараппен Қазақстан аумағына енгенде жолаушылар мен көліктерді тексеруге кететін уақытты қысқарту бойынша мәселелерді талқылау керектігін атап өтті.