Баспасөз қызметінің хабарлауынша, оқиға себебін тексерумен айналысқан арнайы үкіметтік комиссия өз тұжырымдарын жариялаған.
«Бішкек — Ыстықкөл — Нарын — Казарман — Бішкек бағыты бойынша жолға шыққан ұшақ апатты жағдайда жерге қонған. Айтарлықтай ақау алған ұшақ жанып кеткен», — деп хабарлады комиссия. «Қозғалтқыш жұмысын бақылау жүйелері өрт шыққаннан кейін жоғары температура салдарынан толығымен жойылған. Осыған байланысты қозғалтқышты зауытта қосымша тексеру мүмкін болмады», — деп түсіндірді комиссия мүшелері.
«Экипаждың іс-әрекетін талдау ұшақ командирі қабылдаған амалсыздан жерге қону туралы шешімнің дұрыс болғандығына толық дәлел бола алады», — деп атап көрсетті комиссия мүшелері.
Естеріңізге сала кетсек, 23-маусым күні күндізгі 11 сағат 14 минутта Қарақұжыр елді мекенінің маңында Қырғызстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің жанындағы «Авиация департаменті» мемлекеттік кәсіпорынына тиесілі Як-40 ЕХ-901 ұшағы апатты жағдайда қонуға мәжбүр болған еді. Өлім-жітім болған жоқ.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті