Үкім шығарған судьялардың айтуынша, екі айға созылған сот тергеуінің нәтижесінде айыпталушы 14 медицина қызметкерінің 9-ы Қырғызстан Республикасының Қылмыстық кодексінің 316 (Немқұрайдылық), 117 (ВИЧ індетін жұқтыру) баптары бойынша айыпты деп танылды. Төртеуі кінәсі дәлелденбеуіне байланысты ақталды. Бір қылмыстық іс тоқтатылды.
Сотталған медицина қызметкерлерінің барлығы әртүрлі мерзімдерге жазаға кесілді. Атап айтқанда, олар 3 жыл мен 5 жыл аралығында бас бостандықтарынан айрылды.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті