Қырғызстанның оңтүстігінде қуаты 4,5 балл жер сілкінісі болды
Бішкек. 28 қараша. "Қазақстан Бүгін" - Қырғызстанның оңтүстігінде қуаты 4,5 балл жер сілкінісі болды, деп хабарлайды агенттік тілшісі Қырғызстанның Төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. |
Ұлттық Ғылым академиясының сейсмология институтының мәліметінше, 27 қарашада сағат 21.49-да Ош қаласының оңтүстік-шығысқа қарай 130 шақырым жерде жер сілкінісі тіркелді.
Баспасөз қызметінің ақпаратына сәйкес, сілкініс ошағы Қырғызстан мен Қытай шекарасында болған. Қуаты 4,5 баллды құрады. Алдын-ала мәліметке сәйкес, құрбан болғандар мен қираулар туралы мәлімет жоқ.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті
Пікір қалдырыңыз
Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін