Қырғызстанның Ош облысына өз-өзіне қол салушылар саны еселеп артқан - kaz.caravan.kz
  • $ 444.22
  • 476.38
+8 °C
Алматы
2024 Жыл
26 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қырғызстанның Ош облысына өз-өзіне қол салушылар саны еселеп артқан

Қырғызстанның Ош облысына өз-өзіне қол салушылар саны еселеп артқан

Қырғызстанның оңтүстік өңірлерінде суицид саны еселеп артып жатыр. Мұнда тек соңғы 2 ай ішінде 29 адам өз-өзіне қол салып, өмірімен қош айтысқан. Психологтар бұл жағдайды былтырғы Ош қаласындағы қанды қырғынмен байланыстырып отыр. Яғни сол қырғын кезінде жақындарынан, үйінен, кәсібінен айырылғандардың өмірге құштарлығы құрып, күйзелісте жүрген көрінеді.

  • 20 Шiлде 2011
  • 536
Фото - Caravan.kz

Ош қалалық ауруханасына күнара өмірімен қош айтыспақ болған 2-3 адамды әкеледі. Дәрігерлердің өзі жағаларын ұстап отыр. Осы ай басталғалы

9 адам өз-өзіне қол салыпты.

Зайырбек Түйбаев, Ош қалалық ауруханасының бөлім меңгерушісі:

Уақытында әкеліп қалса, жәрдем беріп шығарып аламыз. Егер көп жатып қалған болса, қиын болады. 

Ажалдан аман қалғандардың қастарынан тәулік бойы туыстары да, дәрігерлер де шықпайды. 30 жастағы Бектұр қарыздан құтыла алмайтынын түсінген соң, өзіне бірнеше жерінен пышақ сұғыпты. Ауруханаға өте ауыр халде түскен.

Бектұр, Ош қаласының тұрғыны:

-Қарыз алған адамдар артымнан келіп, ақшаларды сұрай берді.  Ақшам жоқ. Үйімді сатайын десем үйім жоқ.  Ата-енемнің үйі. Не істерімді білмей, өзімнің жанымды өзім қиғанға бардым. 

Психологтардың пікірінше, бәріне Қырғызстанның оңтүстігіндегі саяси-экономикалық тұрақсыздық себеп. Былтыр жаздағы қырғыннан кейін халықтың басым бөлігі туыстарынан, баспаналарынан, жұмыстарынан айрылған. 


Елена Ковалева,
дәрігер-психотерапевт:

— Халықта ертеңгі күнге деген үміт жоқ. Өздері тұрмақ, бала-шағасының болашағы бұлыңғыр деп ойлайды. Сосын тығырықтан шығар жол  – суицид деп түсінеді. 

Оштағы суицид санының артуына жергілікті билік алаңдаулы. Экономикалық, әлеуметтік жағдай түзелсе ғана халық рухани күйзелістен шығатынын биліктегілер біледі. Бірақ оларда әзірше тегін психологиялық көмек беретін орталықтар ашуға ғана шамалары бар. Ал өңірдегі жағдайды тұрақты деуге әлі ерте. Этникалық өзбектер мен жергілікті қырғыздардың шекісіп қалғаны кеше ғана. Бұл жолы әйтеуір өлім-жітім жоқ. Кешелі бері Ошқа қосымша әскери күштер жұмылдырылып, атыс-шабысқа жол берілмей отыр.

Соңғы жаңалықтар