Қырғызстанның Ош облысында "Хизб ут-Тахрир" экстремистік партиясының үгіт-насихат материалдары тәркіленді
Бішкек. 13 тамыз. "Қазақстан Бүгін" - Қырғызстанның Ош облысында "Хизб ут-Тахрир" экстремистік партиясының үгіт-насихат материалдары тәркіленді, деп хабарлайды "Қазақстан Бүгін" агенттігінің тілшісі Қырғызстан Республикасының Ішкі істер министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып. |
Баспасөз қызметінің хабарлауынша, тыйым салынған мазмұндағы әдебиеттерді, сондай-ақ, кассеталар мен электронды тасымалдағыштарды Ош облысының ішкі істер басқармасы мен Нооқат аудандық ішкі істер органының қызметкерлері 45 жастағы ауыл тұрғынынан тәркілеген. Ол өз үйінде "Хизб ут-Тахрирдің" 18 кітабі мен журналын, 10 дискісін, сондай-ақ, дыбыс және бейне кассеталарды тығып ұстаған.
Оқиға бойынша тергеу жүргізілуде. Ауыл тұрғынына ұлтаралық араздық тудырды деген айып тағылып отыр.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті
Пікір қалдырыңыз
Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін