Қырғызстанның шетелдегі сауда өкілдіктерін Сыртқы істер министрлігіне беру керек - премьер - kaz.caravan.kz
  • $ 471.77
  • 547.25
+11 °C
Алматы
2026 Жыл
20 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қырғызстанның шетелдегі сауда өкілдіктерін Сыртқы істер министрлігіне беру керек - премьер

Қырғызстанның шетелдегі сауда өкілдіктерін Сыртқы істер министрлігіне беру керек - премьер

Бішкек. 11-ақпан. "Қазақстан Бүгін" - Қырғызстанның премьер-министрі Игорь Чудинов Сыртқы істер министрлігінің алқа отырысында Қырғызстанның шетелдегі сауда өкілдіктерін Сыртқы істер министрлігінің қарауына беру керек деген ұсыныс жасады, деп хабарлайды "Қазақстан Бүгін" агенттігінің тілшісі үкіметтің баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып.

  • 11 Ақпан 2008
  • 415
Фото - Caravan.kz

«Біз тәуекелдерге, әсіресе, экономика саласындағы тәуекелдерге тиісті әрекет етудің саналы жүйесін жасауымыз қажет», — деді премьер-министр.

Ол ЕврАзЭҚ, ШЫҰ, ТМД және Ұжымдық қауіпсіздік шарты ұйымы секілді әртүрлі халықаралық аймақтық ұйымдар шеңберінде жан-жақты ынтымақтастықты барынша пайдаланудың маңыздылығын атап көрсетті. «Алдымызда біздің серіктес елдерімізбен арадағы сауда айналымындағы теңсіздікті жою міндеті тұр. Бұл үшін біз өзге мемлекеттердің ішкі нарығының жағдайын толық білуіміз керек», — деді үкімет басшысы.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті