Қырғызстанның шетелдердегі елшіліктері жер сілкінісінен зардап шеккендерге гуманитарлық көмек тартумен шұғылданатын болады - kaz.caravan.kz
  • $ 467.58
  • 543.66
+18 °C
Алматы
2026 Жыл
19 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қырғызстанның шетелдердегі елшіліктері жер сілкінісінен зардап шеккендерге гуманитарлық көмек тартумен шұғылданатын болады

Қырғызстанның шетелдердегі елшіліктері жер сілкінісінен зардап шеккендерге гуманитарлық көмек тартумен шұғылданатын болады

Бішкек. 11 қаңтар. "Қазақстан Бүгін" - Қырғызстанның шетелдердегі елшіліктері жер сілкінісінен зардап шеккендерге гуманитарлық көмек тартумен шұғылданатын болады. Бұл туралы агенттік тілшісіне Қырғызстан СІМ-нің баспасөз қызметі хабарлады.

  • 11 Қаңтар 2008
  • 550
Фото - Caravan.kz

Қырғызстан СІМ баспасөз қызметінің ақпаратына сәйкес, кеше Қырғызстан СІМ мен ТЖМ өкілдері елде аккредитацияланған шетелдік елшілермен кездесті. Кездесудегі басты тақырып ағымдағы жылдың 1 -қаңтарындағы жер сілкінісінен зардап шеккен оңтүстік өңір тұрғындарына гуманитарлық, техникалық және қаржылай көмек тарту мүмкіндігі төңірегінде болды.

Осы орайда еске салсақ, зілзала салдарынан 990 үй мен 9 мектеп жартылай қирады. «Кездесуде республиканың оңтүстігінде болған жер сілкінісінің зардаптарына қатысты ақпарат таныстырылып, азық-түлік, одеяло, шатырлар, жылытқыш құралдар мен құрылыс материалдары секілді күнделікті қажетті бұйымдардың тізімі тараталды», — деп нақтылайды баспасөз қызметі.

Отырыс қорытындысы бойынша Қырғызстанның шетелдердегі елшіліктеріне елдердің тиісті құрылымдарымен Қырғызстан ға қаржылай көмек көрсету және қайырымдылық көмек тарту мәселелері бойынша жұмыс жүргізуге тапсырма берілді.

СІМ-нің жанынан жұмыс тобы құрылып, оған Қырғызстанда аккредитацияланған дипломатиялық миссиялар мен халықаралық ұйымдардың өкілдерімен шұғыл жауап қату және түсіндіру жұмыстарын жүргізу функциясы жүктелді.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті