Жарияланды: 890

Қыркүйек айында Қазақстандағы жұмыссыздық деңгейі экономикалық тұрғыдан белсенді халық санының 8,1%-ін құрады

Елімізде 2003 жылдың қыркүйек айында жұмыссыздық деңгейі экономикалық белсенді халық санының 8,1%-ін құрады. Бұл туралы KZ-today тілшісіне ҚР статистика жөніндегі Агенттігінен хабарлады.

Сараптық бағалау бойынша жұмыссыздар саны 664,0 мың адам болды, , соның ішінде жұмыспен қамту органдарында қыркүйектің соңында жұмыссыздар ретінде тіркелген азаматтар саны - 153,8 мың адам. Экономикалық тұрғыдан белсенді халық санындағы олардың үлесі - 2%. 2003 жылдың тамызында қызметкерлерге есептелген орташа айлық атаулы жалақы 23401теңге болып, 2002 жылғы тамызбен салыстырғанда 14,2% артты. Нақты жалақы 8,2% өсті.

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін