ҚХР төрағасы Си Цзиньпин 6-8-қыркүйекте тұңғыш мемлекеттік сапармен Қазақстанға келеді, деп президент жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі өкілі Болат Садықов мәлім етті.
Сапар қарсаңында Астанаға 17-20-тамыз күндері Астанаға ҚХР Сыртқы істер министрі Ван И келіп, бірқатар екі жақты кездесулер өткізбек. Соның ішінде, ол қазақстандық әріптесі Ерлан Ыдырысовпен келіссөздер жүргізеді.
«Кездесулерде сауда-экономика, энергетика, шикізаттық емес сектор мен инвестиция саласындағы ынтымақтастықты тереңдету, ШЫҰ-ның қыркүйек саммитіне дайындық мәселелері басты тақырыпқа айналмақ», — деді Б.Садықов.