Қыркүйекте жұмысқа 100 мыңнан астам адам қабылданды - kaz.caravan.kz
  • $ 489.39
  • 567.5
+30 °C
Алматы
2026 Жыл
18 Маусым
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қыркүйекте жұмысқа 100 мыңнан астам адам қабылданды

Қыркүйекте жұмысқа 100 мыңнан астам адам қабылданды

Ағымдағы жылғы қыркүйекте деректерге сәйкес ірi және орта кәсiпорындарға және ұйымдарға 111,0 мың адам қабылданды, түрлі себептермен - 96,4 мың адам жұмыстан кетті.

  • 30 Қазан 2014
  • 833
Фото - Caravan.kz

«Жұмыстан кеткен қызметкерлердiң арасында тұрақтамау себептері бойынша жұмыстан босатылғандар 81,7 пайызды, қызметкерлер санының қысқартылуына немесе кәсіпорынның таратылуына байланысты — 1,4, басқа себептер бойынша  16,9 пайызды құрады»,- делінген ҚР Ұлттық Экономика министрлігі Статистика комитетінің мәліметінде.

Ағымдағы жылғы қыркүйекте жұмысқа қабылдау бойынша айналым коэффициенті 3,3 пайызды, жұмыстан босату бойынша айналым коэффициенті — 2,9, жұмыс күшінің тұрақсыздық коэффициенті  2,4 пайызды қамтыды. Осы кезеңде жұмыс күшін ауыстыру коэффициенті 115,2 пайызды  құрады.