Қырым автономиясының билігі Қырымды тәуелсіз мемлекет деп жариялады - kaz.caravan.kz
  • $ 472.03
  • 540.29
+31 °C
Алматы
2026 Жыл
6 Шiлде
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қырым автономиясының билігі Қырымды тәуелсіз мемлекет деп жариялады

Қырым автономиясының билігі Қырымды тәуелсіз мемлекет деп жариялады

Қырымның Жоғарғы кеңесі «Қырым тәуелсіздігі туралы» қаулы қабылдады.

  • 17 Наурыз 2014
  • 560
Фото - Caravan.kz

«17-наурыз күні Қырым автономиялы республикасы Жоғарғы кеңесінің кезектен тыс отырысында «Қырым тәуелсіздігі туралы» қаулы қабылданды. Оны 85 депутат қолдап дауыс берді», — деп хабарлайды ЖК баспасөз қызметінен.

Құжатта «Қырым автономиялы республикасының ЖК халықтың 16-наурыздағы референдумда білдірген тілегіне сәйкес (…) Қырымды тәуелсіз егеменді мемлекет – Қырым республикасы деп жариялау туралы және Севастополь қаласына ерекше мәртебе беру туралы қаулы етеді» делінген.

«Қырым республикасы Біріккен ұлттар ұйымына, әлемдегі барша мемлекеттерге Қырым халқы құрған тәуелсіз мемлекетті моәындауға шақырады», — делінген қаулыда.


Құжатта «аталған қаулы күшіне енген күннен бастап Қырым республикасы аумағында Украина заңдарының қолданылмайтыны, Жоғарғы Рада мен өзге де мемлекеттік органдар тарапынан

2014 жылдың 21-ақпанынан кейін қабылданған шешімдердің іске асырылмайтыны» атап көрсетілген.