Қырымда ресейлік рубль айналысқа енеді және негізгі ақша бірлігіне айналады - kaz.caravan.kz
  • $ 472.03
  • 540.29
+31 °C
Алматы
2026 Жыл
6 Шiлде
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қырымда ресейлік рубль айналысқа енеді және негізгі ақша бірлігіне айналады

Қырымда ресейлік рубль айналысқа енеді және негізгі ақша бірлігіне айналады

Сәуір айынан бастап рубль Қырымның негізгі ақша бірлігіне айналады.

  • 17 Наурыз 2014
  • 514
Фото - Caravan.kz

Алайда  әзірге гривеньді пайдалануға ешқандай шектеу қойылмайды, деп мәлімдеді Қырым республикасының премьері Сергей Аксенов.

«Курорт маусымында Қырым аумағында гривень айналымнан алынбайды. Сәуір айынан бастап рубль республиканың негізгі ақша бірлігіне айналмақ», — деп жазды С.Аксенов өзінің «Твиттердегі» микроблогында.

Бұған дейін Қырымның Жоағырғы кеңесі Ресей рублін республиканың ресми ақша бірлігі деп жариялаған болатын. Қаулыда украин ақшасының да 2016 жылдың 1-қаңтарына дейін ресми валюта ретінде пайдаланылатыны айтылған.