Қысқы Универсиада жалауы Алматыға жетті - kaz.caravan.kz
  • $ 477.48
  • 555.83
+16 °C
Алматы
2026 Жыл
26 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қысқы Универсиада жалауы Алматыға жетті

Қысқы Универсиада жалауы Алматыға жетті

Қысқы Универсиада жалауы Испанияның Гранада қаласынан Алматыға жетті. Студенттік ойындардың 2017 жылы осы қалада өтетіні мәлім. Жалпы, ұйымдастыру комитеті еліміздің барлық облыс орталықтарында Универсиада жалауының эстафетасын өткізбек.

  • 19 Ақпан 2015
  • 213
Фото - Caravan.kz

45 күн бойы өтетін эстафета батыс өңірден басталады. Жалпы, дүбірлі додаға әлемнің 50 елінен үш жарым мыңдай спортшы қатыспақ. Қазіргі таңда ойындар өтетін негізгі спорт нысандары дайын. Дегенмен, 2017 жылға дейін тағы екі бірдей мұз айдыны және спортшыларға арналған тұрғын-жай салынбақ. Сондай-ақ, еліміздің студенттiк спорт федерациясы Универсиадада жүлде алған спортшылардың ақшалай сыйлығын 3 есеге дейін ұлғайту туралы бастама көтеріп отыр.

Қайрат Закирьянов, ҚР студенттiк спорт федерациясының президентi:

-Олимпиаданың алтын жүлдесіне 250 мың доллар төленеді. Ал Универсиаданың жеңімпазына неге 50 мың доллар бермеске?! Бұл біздің бюджетімізге соншалық ауырлық етпес деп ойлаймын. Мәселен, экономикасы бізден төмен Моңғолияда алтын жүлде алған спортшының сыйақысы 40 мың доллар. Ал, біз небәрі 15 мың доллар төлейміз