Қысқы универсиадаға бөлінген миллиардттар қысқарды - kaz.caravan.kz
  • $ 474.83
  • 515.38
+23 °C
Алматы
2024 Жыл
27 Шiлде
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қысқы универсиадаға бөлінген миллиардттар қысқарды

Қысқы универсиадаға бөлінген миллиардттар қысқарды

Универсиада бюджеті екі есеге қысқарды. 2017 жылғы қысқы студенттер ойынының ұйымдастырушылары бірінші кезекте спортқа қатысы жоқ шығындардан бас тартып отыр.

  • 24 Қараша 2015
  • 229
Фото - Caravan.kz

Яғни, ашылу және жабылу салтанатына жұмсалатын қаржы 1,2 млрд теңгеге азайған. Сондықтан қыстартылған форматта өтпек. Тағы 1 жарым млрд түрлі мәдени шаралар, жарнама мен маркетингтен үнемделген. Қысқы ойындарда қызмет көрсететін көліктер де бастапқыда жоспарланғандай 1 млрд теңгеге сатып алынбайды. Тек уақытша жалданады. Спорттық нысандардағы тесттік жарыстарды өткізуге де 500 млн теңге қарастырылған екен. Ол да қысқарды. Осылайша, 2017 жылы Алматыда өтетін спорттық шараның бюджеті 32 млрд теңгеден 17 млрд-қа қысқарып отыр. Бірақ бұл сапаға еш әсер етпейді деп сендірді ұйымдастырушылар.

Әсет Әбдуәлиев, «Универсиада-2017» ұйымдастыру комитетінің директоры:

-Әкімдік бізге нақты тапсырмалар қойды. Біріншіден Универсиада жоғары деңгейде өтуі тиіс. Екіншіден бюджетті толық меңгеру емес,бөлінген қаржыны үнемдеуіміз қажет. Яғни, 17 млрд теңгеден қалғанын қайтару жоспарлануда.