Қыста Өскеменде ағаштардың бүршік жаруы тұрғындарды таңқалдырды - kaz.caravan.kz
  • $ 477.48
  • 555.83
+14 °C
Алматы
2026 Жыл
27 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қыста  Өскеменде ағаштардың  бүршік жаруы тұрғындарды таңқалдырды

Қыста Өскеменде ағаштардың бүршік жаруы тұрғындарды таңқалдырды

Ал қаңтарда ақтүтек боран мен шыңылтыр аяздан көз ашпайтын шығыс өңірде қазір керісінше күн ерекше жылы. Жыл мезгілінен жаңылысса керек Өскемендегі ағаштар бүршік жарып, жерге жасыл шөп шыға бастаған.

  • 10 Қаңтар 2015
  • 911
Фото - Caravan.kz

Бірнеше күннен бері ауа температурасы +6 градустан төмен түспегендіктен қардың барлығы еріп кетіпті. Ал аяз биыл асықпайтын сыңайлы. Табиғаттың осындай тосын сыйынан ағаштар бүршік жара бастаған. Дәл осындай жағдай 2002 жылы болып, кезекті циклон қаңтарды сәуірге айналдырған болатын. Бірақ синоптиктер алдағы уақытта ауа-райы өзгеріп, қала тұрғындарын сақылдаған сары аяз бен боран күтіп тұр деп болжайды.

Аяулым Рысбаева, инженер-синоптик:

— Жылы ауа температурасы  1-2 тәулікке ғана созылады. Ал 11-ші қаңтардан бастап ауа температурасы төмендейді, яғни түнде 20-25, кей жерлерде 30 градусқа дейін суытады.