Тиісті ереже күшіне енген соң, полицияға кең құзірет беріледі. Яғни олар кез-келген көлікті тоқтатып, доңғалақтардың маусымға сай ауыстырылғанын тексере алады. Қыста жаздық, ал жазда бұдырылы шегесі бар доңғалақпен жүрген жүргізушілерді айыппұл күтіп тұр. Аталған жаңа регламент бойынша қысқы доңғалақтардың қыртысы 4 мм, ал жазғысы 1,6 мм болуы тиіс. Талап орындалмаған жағдайда жүргізуші 9 мың теңгеден астам айыппұл төлейді. Сонымен қатар, Кеден Одағының жаңа құжатында доңғалақтардың сыртындағы қыртысының санына дейін көрсетіліп отыр. Мәселен, толық бір айналып жүргені 60-тан аспауы керек. Бірақ, бұндай шектеу 2016 жылдан бастап шығарылған доңғалақтарға қатысты қолданылмақ екен.