Қытай 2018 жылы ғарышқа өзінің орбиталық стансасын ұшыруға ниетті - kaz.caravan.kz
  • $ 472.48
  • 550.06
+20 °C
Алматы
2026 Жыл
26 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қытай 2018 жылы ғарышқа өзінің орбиталық стансасын ұшыруға ниетті

Қытай 2018 жылы ғарышқа өзінің орбиталық стансасын ұшыруға ниетті

ҚХР 2018 жылы ғарышқа өзінің орбиталық стансасын ұшыруды жоспарлап отыр. Ол 2022 жылға қарай толық іске қосылатын болады, деп мәлім етті қытайлық ғарыш стансаларын жасау бағдарламасының бас конструкторы Чжан Бонань.

  • 6 Наурыз 2015
  • 220
Фото - Caravan.kz

Станса бірнеше модульдерден тұрады, оларда қытайлық және шетелдік ғарышкерлер жұмыс жасайды, деп әңгімеледі ол Қытай жаңалықтар агенттігіне. Қазір қытайлық конструкторлар болашақ стансаның өмірлік қажеттерін қамтамасыз ету жүйесін жасаумен айналысуда, соның ішінде оттегі мен суды пайдалану жабдықтары да болмақ,  деп жазады ТАСС.

Чжан Бонаньның айтуынша, ҚХР ұшырған орбитадағы «Тяньгун-1» модулінде тиісті технологиялар байқаудан өтуде. Бұл сынақтар келесі жылы да жалғасады, деді ол.

Сонымен бірге Қытайда шағын тұйық экожүйелер саласындағы зерттеулер белсенді жүргізіліп жатыр, олар болашақта ғарышты игеруде пайдаланылатын болады.


Бұдан бұрын Чжан Бонань болашақта қытай стансалары Ай мен Марстан әрі тұңғиықты жарып өтіп, алыс ғарышқа сапар шеге алатынын мәлімдеген болатын.