Қытай Атасу-Алашанькоу мұнай құбырын тарту жөніндегі келісім тез арада жүзеге асады дегенге сенім білдірді - kaz.caravan.kz
  • $ 444.22
  • 476.38
+9 °C
Алматы
2024 Жыл
26 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қытай Атасу-Алашанькоу мұнай құбырын тарту жөніндегі келісім тез арада жүзеге асады дегенге сенім білдірді

Қытай Атасу-Алашанькоу мұнай құбырын тарту жөніндегі келісім тез арада жүзеге асады дегенге сенім білдірді

Қытай Атасу-Алашанькоу мұнай құбырын тарту жөніндегі келісім тез арада жүзеге асады дегенге сенім білдірді. Бұл туралы Пекинде өткен баспасөз мәслихатында ҚХР сыртқы істер министрлігінің өкілі Лю Цзяньчао мәлімдеді,- деп хабарлайды Синьхуа агенттігі.

  • 19 Мамыр 2004
  • 483
Фото - Caravan.kz

ҚХР сыртқы істер министрлігі өкілінің пікірінше, Қазақстан мен Қытайдың мұнай құбырын тарту жөнінде келісімге келуі — екі жақтың өзара ынтымақтастық аясында қол жеткізген ең үлкен жетістігі. Елшінің айтуынша, бұл құжатқа қол қойылуына Қытай «дән риза».

Бұдан бұрын да хабарлағанымыздай, Атасу-Алашанькоу мұнай құбырын тартудың басты принциптері туралы келісімге 17-мамырда екі елдің мемлекет басшылары Нұрсұлтан Назарбаев пен Ху Цзиньтао қол қойды.
Алдын-ала мәлімет бойынша, мұнай құбыры биылғы жылдың тамыз айында тартыла бастайды. Болжамдық есеп бойынша, құбырдың жобалық құны 688 млн. долларға тең. Жалпы инвестиция көлемі 1 млрд. долларды құрайды. Құбырдың бірінші кезеңі іске қосылу нәтижесінде жылына 10 млн. тонна мұнай тасымалданатын болады.

Соңғы жаңалықтар