Қытай билігі 200-ден аса қазаққа іздеу жариялады - БАҚ - kaz.caravan.kz
  • $ 446.49
  • 475.38
+16 °C
Алматы
2024 Жыл
19 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қытай билігі 200-ден аса қазаққа іздеу жариялады - БАҚ

Қытай билігі 200-ден аса қазаққа іздеу жариялады - БАҚ

Шыңжаң құқық қорғау органдары 200-ден аса ұлты қазақ Қытай азаматына іздеу жариялады.

  • 11 Шiлде 2017
  • 10108
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы Radio free Asia-ға сілтеме жасап Regnum хабарлады.

Басылымның жазуынша, нақтыланбаған мәліметтер бойынша билік тыйым салған аудиожазбаларға қол жеткізген этникалық қазақтар мен олардың отбасы мүшелері қудалауға ұшыраған.Бұл жайлы аудио жазба жүктелген интернет-қауымдастықтың бір мүшесі мәлімдеген. Әйтседе Шыңжаң Ұйғыр автономиялы ауданында тұратын ол аталған мәліметті отбасы қауіпсіздігіне алаңдағандықтан растай алмады.

Маусым айының орта шенінде 10 қазақтың Қытай тәртіп сақшылары тарапынан қамауға алынғанын белгілі болды. Оған себеп қолға түскендер ұйғыр мұсылмандарымен байланыста болған көрінеді.


«Radio free Asia» Шыңжаңдағы мұсылмандарға бірнеше қайтара шабуыл жасалғанын, сондай-ақ жергілікті мемлекеттік қызмекерлерге дінді ұстануға тиым салынғаны, Ораза айында кейбір шенеуніктердің амалсыз ас ішкені жайлы жазған.

Соңғы жаңалықтар