Қытай елінде тұратын талантты қазақ балалары туралы не білеміз - БАҚ - kaz.caravan.kz
  • $ 444.22
  • 476.38
+8 °C
Алматы
2024 Жыл
26 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қытай елінде тұратын талантты қазақ балалары туралы не білеміз - БАҚ

Қытай елінде тұратын талантты қазақ балалары туралы не білеміз - БАҚ

Көрші Қытай елінде түрлі байқауларда үздік шыққан қазақтың талантты ұл-қыздары баршылық. 

  • 6 Маусым 2021
  • 638
Фото - Caravan.kz

1 маусым – Халықаралық балаларды қорғау күні әр үйдің әлди әні, отбасының қызығы, ата-ананың жүрегі, өміріміздің ізі, үміті болған барлық балаларымызға зор денсаулық, бақыт, әр күндеріне шаттық тілейміз, деп жазады қытайлық kazakcnr.com сайтына сілтеме жасап inform.kz

«Адам өмірінің өшпес алауы, мәңгілік жанып тұрған шырағы, адамдық ардың айнасы, адам өмірінің көктемі, адам көңілінің көркі, ата-ана махаббатының ашылған гүл шешегі, ата-ана мақтанышы әрі бақыты, болашақтың иесі, адамзат тарихын мәңгілік жалғастырушы, адамзат өмірінің сарқылмас кәусар бұлағы болған балдырғандарымыздың мерекесімен құттықтаймыз. Осындай шаттыққа толы мерейлі сәтте, өздерінің дара талантымен, өнерімен өз құрбыларына үлгі-өнеге көрсетіп жүрген өнерлі балаларды мереке байланысымен оқырмандарымызға таныстыра кетуді жөн көрдік. Үлгілі өрендеріміздің қатары көбейе берсін деген ақ тілектеміз!», -деп жазады CNR сайты. Сонымен бірге аталған БАҚ Қытай елінде тұратын қандастарымыздың арасынан шыққан бір топ өнерлі балалардың жетістігіне шолу жасаған.

Надия Серікқызы — Қытайдың «Күнбағыс» VI республикалық жасөспірімдер ән-би байқауында алтын медальмен марапатталған. Халықаралық балалар сән әлемі байқауында үздік модель сыйлығын жеңіп алған.


Дарын Қайсарұлы – Шыңжаң өлкесінде өткен «Тіл сұлулығы» атты мәнерлеп оқу сайысының және «Менің арманым» тақырыбындағы балалар арасында өткен үздік диктор байқауының жүлдегер атанған.

Сымбат Мәдиқызы — Бейжіңде өткен XII Қытай халықаралық жастар мен жасөспірімдердің көркөмөнер фестивалінде «Сахараның сәні» атты биі алтын медал еншілеген. Сонымен бірге Шыңжаң өлкесінде өткен өнер байқауында «Болашақ жұлдыз» атты биі бас жүлде алған.

Баура Мұратқызы – Қытайдың XX республикалық жасөспірімдер сурет байқауында «Еңбекшіл» атты туындысы алтын медаль еншілеген.

Ақнар Берікұлы – 2017 жылы «Бала жұлдыз арманы», «Өнерлі бала» секілді телабайқауларда домбырада күй шертіп, алтын медальмен марапатталған.

 

Соңғы жаңалықтар