Қытай Еуразиялық қауіпсіздік жүйесін құруда жетекші роль атқарып отыр –сарапшы - kaz.caravan.kz
  • $ 477.48
  • 555.83
+12 °C
Алматы
2026 Жыл
27 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қытай Еуразиялық қауіпсіздік жүйесін құруда жетекші роль атқарып отыр –сарапшы

Қытай Еуразиялық қауіпсіздік жүйесін құруда жетекші роль атқарып отыр –сарапшы

 Қазақстан президенті жанындағы қазақстандық стратегиялық зерттеулер институтының бас ғылыми қызметкері Константин Сыроежкиннің пікірінше,

  • 10 Ақпан 2015
  • 639
Фото - Caravan.kz


бүгінгі күнде Қытай Еуразиялық қауіпсіздік жүйесін құруда жетекші роль атқарып отыр.
" Қауіпсіздіктің азиялық жүйесін құру шаруасы амал жоқтан қолға алынып отыр, өйткені Батыс Ресей мен Қытайдың бірыңғай қауіпсіздік жүйесіне кіргендігін қаламайды. Ондайды қаламайды екен, жоқ дегенде біздің кеңістігімізде сол қауіпсіздікті қамтамасыз етерлік бірдеңе жасауға тиіс”, деді К.Сыроежкин Алматыда сейсенбіде "Интерфакс-Қазақстан" агенттігінде өткен баспасөз мәслихатында.
Оның пікірінше, еуразиялық қауіпсіздік жүйесін құрудағы жетекші роль атқарып отырған Ресей емес, Қытай.
"Ресей де жетекке ерген ел болып қалды. Қытай тым артық ештеңе ұсынбайды, бәрі де қалыпты халықаралық қатынастар шегінде, бірақ бұл факті. Біз мұны қабылдайық, қабылдамайық, басқа жол жоқ”, деді ол. Оның айтуынша, біздің кеңістікте бірнеше интеграциялық жобаның күресі басталып отыр, оның ішінде: америкалық – "Жаңа жібек жолы", түріктің – "Неоосман жобасы", Еуразиялық интеграциялық жоба және 2013 жылдан бастап Қытайдың интеграциялық жобасы бар – Жібек жолында экономикалық белдеу құру жобасы.
"Менің ойымша, бұл геосаяси жоба. Кез-келген елеулі аймақтық интеграция тек экономикалық бола алмайды, бұл геосаяси жоба. Осыны ескеруіміз шарт”, деді К.Сыроежкин.
"Қытай ғаламдық саудалық держава, мақсаты –Орталық Азия елдері мен Ресей арқылы қытайлық тауарларды Еуропа елдерінің рыногына шығару”, деді ол.