Қытай ғарышкерлері ашық ғарышқа шықты - kaz.caravan.kz
  • $ 443.35
  • 475.54
+5 °C
Алматы
2024 Жыл
26 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қытай ғарышкерлері ашық ғарышқа шықты

Қытай ғарышкерлері ашық ғарышқа шықты

Не Хайшэн мен Лю Бомин жұма күні таңертең «Тяньхэ» негізгі модулінен ашық ғарышқа шықты.

  • 20 Тамыз 2021
  • 74
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы Caravan.kz порталы ҚазАқпарат-қа сілтеме жасап хабарлайды.

Бұл қытайлық ғарыш стансасы экипажы мүшелерінің кемеден тыс жұмыстарды орындау аясында екінші рет модульден шығуы, деп хабарлады Қытай ғарышкерлер бағдарламасының кеңсесі.

«Тяньхэ» негізгі модулінің түйіндік бөлігінің есігін Не Хайшэн 08:38-де ашты. «Фэйтянь» (Ғарышқа ұшу) скафандрын киген ғарышкерлер механикалық иінтіректе аяқ бекіткіштерді және кемеден тыс жұмыс алаңын орнатты. Ведомстводан нақтылағандай, әрі қарай олар механикалық қолдың көмегімен тағы бір кемеден тыс құрылғы орнату бойынша жұмысты жалғастырмақ.

Экипаждың үшінші мүшесі Тан Хунбо әріптестеріне көмек көмектесіп отыру үшін «Тяньхэ» модулінде қалды.

Бортында үш ғарышкері бар «Шэньчжоу-12» кемесі «Тяньхэ» модулімен 17 маусым күні түйісті. Бұдан ертерек, 4 маусым күні Лю Бомин мен Тан Хунбо қытай ғарыш стансасын құру аясындағы кемеден тыс жұмыстың бірінші бөлігін сәтті аяқтаған болатын.

Соңғы жаңалықтар