Жарияланды: 580

Қытай инвестициясы Қазақстанға қауіп төндірмей ме?

Қытай инвестициясы Қазақстанға қауіп төндірмей ме? Бүгін Алматыда бірқатар министрлер мен депутаттар бас қосқан инвестиция тақырыбындағы жиында тәуелсіз сарапшылар көршілес Қытайдан қаржының тартылуына қатысты алаңдаушылық білдірдірді.

1993 жылдан бері елімізге 130 млрд. доллар көлемінде инвестиция тартылған. Бұл ТМД елдері арасындағы ең жоғарғы көрсеткіш. Оның ішінде тартылған қаржының негізгі бөлігі АҚШ пен Ұлыбританияға тиесілі. Ал Қытай елге инвестиция құйған үздік бестіктің қатарына да кірмейді. «Сондықтан Қытай экспансиясына қатысты соншалықты алаңдаудың қажеті жоқ» - дейді Мұнай және газ министрі Сауат Мыңбаев. Себебі: елге тартылған инвестицияның тек 4 пайызға жуығы қытайларға тиесілі екен. Ал Қайрат Келімбетов  көрші Қытайдан тартылған қаржының қазақ елі үшін тиімді болып отырғанын айтады. Өйткені осы инвестицияға Газ-Химия кешені, бетон және мұнай өңдеу сияқты үш бірдей алып жобаны іске асыруға, яғни тәуелсіздік алғалы басты мәселе болып келген шикізатты өңдеу ісін жолға қою мақсаты жүзеге асырылып жатқанын атап өтті.

Қайрат Келімбетов, ҚР Экономикалық даму және сауда министрі:

-  Бүгінде мұнай саласында Қытай инвестициясы 20 пайыз шамасында. Қалған 80 пайызы АҚШ пен Еуропаға тиесілі. Біз не үшін сонда басқалардан бұрын Қытайдан қорқамыз?Сондықтан үкіметтік емес ұйымдар бұл сұраққа қатысты дұрыс түсініктеме берсін. Жалпы,инвестицияны саясиландырудың қажеті жоқ.  

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін

Закрыть