Қытай мектептерінде оқушыларға Димаш Құдайбергеннің әні үйретілуде - kaz.caravan.kz
  • $ 446.49
  • 475.38
+12 °C
Алматы
2024 Жыл
19 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қытай мектептерінде оқушыларға Димаш Құдайбергеннің әні үйретілуде

Қытай мектептерінде оқушыларға Димаш Құдайбергеннің әні үйретілуде

Қытай мектептерінде оқушылар Димаш Құдайбергеннің «Ұмытылмас күн» әнін үйреніп жүр, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА әншінің Инстаграмына сілтеме жасап.

  • 19 Қыркүйек 2017
  • 414
Фото - Caravan.kz

Еске сала кетейік, бұл әнді (авторы — әншінің өзі, сөзін жазған — Орал Байсеңгір) Димаш Құдайберген Қытайда өткен «I am a Singer» халықаралық музыка байқауының 10-турында қазақ және қытай тілдерінде шырқап, үшінші орын алған болатын, бұл оның байқау финалына өтуіне мүмкіндік берген.

«Менің екінші әуесқой сазгерлік жұмысым «Ұмытылмас күн» әнімді мектептерде үйретіп жатыр екен. Кішкентай ғана бүлдіршіндер, періштелер аман болсын. Әлемде тек бейбітшілік болсын! Бар әлемге ортақ тіл — музыка тілі екенін дәлелдеп жүрген барша тыңдармандарыма алғыс айтамын!» — деп жазды Димаш Инстаграмдағы парақшасына.

 

Соңғы жаңалықтар