Қытай Премьері Қазақстанға алғаш рет жұмыс сапарымен келеді - kaz.caravan.kz
  • $ 477.48
  • 555.83
+13 °C
Алматы
2026 Жыл
27 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қытай Премьері Қазақстанға алғаш рет жұмыс сапарымен келеді

Қытай Премьері Қазақстанға алғаш рет жұмыс сапарымен келеді

 14 желтоқсанда ҚХР Мемкеңесінің Премьері Ли Кэцян Қазақстанға алғашқы ресми сапарымен келеді.

  • 12 Желтоқсан 2014
  • 355
Фото - Caravan.kz

ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Ли Кэцянды қабылдайды. Қытайлық қонақ екі елдің үкімет басшыларының 2-ші тұрақты кездесуіне және  бизнес-қауымдастығы өкілдерінің қатысуымен өтетін іскерлік кеңес отырысына қатысады.  

Оның Астанаға келген жұмыс сапарының негізгі мақсаттарының бірі ШЫҰ мүше мемлекеттердің үкімет басшыларының 13-ші отырысына (15-16 желтоқсан) қатысуы.

Қазақстаннан кейін ҚХР Мемкеңесінің Премьері Ли Кэцян  Сербияға (Қытай лидерлері мен Орталық және Шығыс еуропа елдері басшыларының 3-кездесуі) және Таиландқа ( Үлкен Меконг субаймағындағы экономикалық ынтымақтастық аясында жетекшілердің 5-ші саммиті) аттанады. Онда ол желтоқсанның 20-на дейін болады.