«Құрылыс жұмыстары біз мақұлдау ала сала басталады және ол бес жылға созылады», — деді Қытайдың ядролық физика институтының басшысы Чжао Хуа.
Оның айтуынша, қуаты 4 млн — 6 млн кВт-сағ дейінгі нысанды салуға шамамен 25 млрд юань жұмсалады ($3,7 млрд). Былтыр сарапшылар тобы Сычуаньдағы Санба ауылында болып, облыстағы бірінші АЭС салынатын жерді көрген.
Бұл топ мамырдағы жер сілкінісінен кейін ауылға қайта барып, жер телімінің зақымдану белгісі жоқ деп оралды.
«АЭС салу провинцияның жедел экономикалық дамуы үшін қажет», -дейді провинция комитеті хатшысының орынбасары.
Бұл өңір қазір энергияның 68% су электр станцияларынан алады.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті