Қытай трансшекаралық өзендер мәселесінде Қазақстан мүддесіне зиян келетін қадамға бармайды - kaz.caravan.kz
  • $ 467.65
  • 533.26
+23 °C
Алматы
2026 Жыл
23 Шiлде
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қытай трансшекаралық өзендер мәселесінде Қазақстан мүддесіне зиян келетін қадамға бармайды

Қытай трансшекаралық өзендер мәселесінде Қазақстан мүддесіне зиян келетін қадамға бармайды

Қытай трансшекаралық өзендер мәселесінде Қазақстан мүддесіне зиян келетін қадамға бармайды.

  • 19 Тамыз 2013
  • 628
Фото - Caravan.kz

Бүгін елордада Қазақстан Сыртқы істер министрі Ерлан Ыдырысовпен шағын және кеңейтілген құрамдағы кездесулерден кейін Қытай Сыртқы істер министрі Ван И БАҚ өкілдеріне осылай мәлім етті.

«Мен қазақстандық қоғамның трансшекаралық өзендердегі су ресурстарына қатысты мәселелерді тыңғылықты қадағалап отыратындығын білемін. Біз министр мырза Ыдырысовпен бірге бұл мәселені талқыладық», — деді ол.

Оның атап өтуінше, бұл мәселе бойынша екі елдің арасында өте жақсы ынтымақтастық орын алып отыр.


«Мен Қазақстан мен Қытайдың сенімді әріптес екендігін тағы да бір мәрте атап өткім келеді және Қытай трансшекаралық өзендер бойынша Қазақстан мүддесіне зиян келетін еш қадамға бармайды», — деді Ван И.