Аппарат орбитаға Ганьсу провинциясының солтүстік-батысындағы Цзюцюань ғарыш айлағынан ұшырылған «Чанчжэн-4Си» зымыран-тасығышымен шығарылды. «Яогань-25» ғылыми тәжірибелер үшін, табиғи ресурстардың жағдайын зерттеу, ауылшаруашылық өнімдеріне баға беру және төтенше жағдайлардың салдарын жою үшін пайдаланылады деп жоспарланған.
Бұл «Чанчжэн» класындағы саны бойынша 201-ші зымыранның ұшырылуы. «Яогань» класындағы алғашқы спутник 2006 жылы ұшырылған.