Жарияланды: 450

Қытай Зүлфия Зиншанлоны қайтару жөнінде ешқандай дипломатиялық өтініш жасаған жоқ - ҚР СІМ

Қытай Зүлфия Зиншанлоны қайтару жөнінде ешқандай дипломатиялық өтініш жасаған жоқ - ҚР СІМ

ҚХР Сыртқы істер министрлігі Зүлфия Чиншанлоны Қытайға қайтару жөнінде ешқандай дипломатиялық өтініш жасаған жоқ. Бұл туралы бүгін Астанада өткен дәстүрлі брифингте ҚР Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Алтай Әбиболлаев мәлім етті.

«Бүгін Қазақстанның Қытай Халық Республикасындағы Төтенше және өкілетті елшісі Нұрлан Ермекбаевпен сөйлескен болатынбыз. Елші телефонмен әңгіме барысында Қытай ауыр атлетикасы, күрес және дзюдо орталығы немесе Қытайдың Сыртқы істер министрлігі З. Чиншанлоны Қытайға қайтару жөнінде ешқандай өтініш, дипломатиялық арналар арқылы ресми түрде келмегенін баса атап өтті», - деді ресми өкіл. Естеріңізге сала кетейік, өткен аптада бірқатар қытайлық бұқаралық ақпарат құралдарында Лондон олимпиадасының чемпионы З. Чиншанлоның Қытай азаматтығын алатындығы жөнінде мәліметтер таратылған болатын. «Өздеріңізге мәлім болғанындай, өткен аптада Қытайдан келісімен З. Чиншанлоның қазақстандық және қытайлық бірқатар БАҚ-та жарияланған мәліметтерді жоққа шығарғаны белгілі», - деді А. Әбиболлаев.

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін