Қытайда әйел 20 күн бойы мәйіт жатқан пәтерді жалдағанын білмеген - kaz.caravan.kz
  • $ 471.77
  • 547.25
+15 °C
Алматы
2026 Жыл
20 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қытайда әйел 20 күн бойы мәйіт жатқан пәтерді жалдағанын білмеген

Қытайда әйел 20 күн бойы мәйіт жатқан пәтерді жалдағанын білмеген

Қытайда жалдамалы пәтерді тез табуға мүмкіндік беретін Ziroom атты мобильді қосымша бар.

  • 13 Мамыр 2016
  • 495
Фото - Caravan.kz


Осындай қосымша арқылы 3 бөлмелі пәтер тапқан қытайлық әйелдің қуанышында шек болмапты. Бірақ, сол баспанаға орналасқаннан бері ол біреудің үнемі қиналып жылап, құсық тастап жатқан дауысын естіген. «Көршілер екен» деп ойлаған әйел бұған аса көңіл бөлмей күнделікті жұмысына барып келіп, сол үйде тұра берген. Алайда пәтерді жалдағанына үш аптаға жуық уақыт болған күні үш  бөлменің бірінің есігі терезеден соққан желден ашылып кеткен кезде әйел есінен танып қала жаздады. Сөйтсе, осынша уақыт бойы үш бөлменің бірінде жүрек талмасымен ауырған ер адам хал үстінде жатып, ақыры көз жұмған екен. Мәйітке жасалған сараптама кезінде ер адамның өлімші халде 20-ға жуық күн бойы жатып, қайтыс болғаны анықталды.  Енді South China Morning Post  хабарлауынша, ішінде «сұмдығы» бар пәтерді жалға алғанын байқамай, алданған әйел Ziroom қосымшасының иелерін сотқа беріп, басынан кешкен қорқынышты да аянышты оқиға үшін өтемақы талап етіп отыр.