Қытайда балаларға жасалған вакцина сынағы сәтті аяқталды - kaz.caravan.kz
  • $ 446.49
  • 475.38
+18 °C
Алматы
2024 Жыл
20 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қытайда балаларға жасалған вакцина сынағы сәтті аяқталды

Қытайда балаларға жасалған вакцина сынағы сәтті аяқталды

Қытайда жасалған CoronaVac вакцинасы үш жастан асқан балалар үшін тиімді және қауіпсіз.

  • 29 Маусым 2021
  • 36
Фото - Caravan.kz

Вакцинаның бірінші, екінші кезеңдерінің қорытындысы Lancet ғылыми журналында жарияланды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Қытайлық Sinovac Biotech Ltd биофармацевтикалық компаниясы шығарған CoronaVac вакцинасы 3 жастан 17 жасқа дейінгі балалар тобында сыналған. 2020 жылдың 31 қазанынан 2 желтоқсанына дейін жүргізілген сынақтардың бірінші кезеңіне 72 адам қатысты. Сол жылдың 12 желтоқсанынан 30 желтоқсанына дейін өткізілген екінші кезеңде – 480 адам болған. 

Клиникалық зерттеулердің бірінші кезеңінен кейін вакциналанған балалардың 100 пайызында антиденелер болды. Екінші кезеңнен кейін 1,5 микрограмм дозасын алған балалардың 96,8 пайызында антиденелер болса, 3 микрограмм дозасын алған балалардың 100 пайызында антитела анықталды. 

Вакцинациядан кейін 28 күн ішінде жағымсыз реакциялар 1,5 микрограмм дозасын алған балалардың 26 пайызында және 3 микрограмм дозасын алғандардың 29 пайызында тіркелді. Көп жағдайда инъекция орнында ауырсыну болды.


Сынақ нәтижелері бойынша ғалымдар CoronaVac вакцинасының төзімді, қауіпсіз және балалар мен жасөспірімдерде иммундық жауап тудыра алады деген қорытындыға келді.

500 мың дозадан тұратын қытайлық CoronaVac вакцинасының алғашқы партиясы 1 маусымда Алматыға келіп түсті. Бұл препарат Қазақстан азаматтарына қолжетімді коронавирусқа қарсы вакцинацияның төртіншісі болып отыр. Вакцинаны Пекин фармацевтикалық компаниясы Sinovac шығарады.

Соңғы жаңалықтар