Қытайда Еуразиялық экономикалық форум өтеді
![]() |
2011 жылдың күзінде Қытайдың Сиань қаласында IV Еуразиялық экономикалық форум өтеді. |
Бұл туралы Бейжіңде бейсенбі күні өткен баспасөз мәслихатында форумның бас хатшысы Чжан Дэгуан мәлім етті.
Оның айтуынша, бұған дейінгі үш форуммен салыстырғанда, биылғы форумның ұйымдастырылу деңгейі көш ілгері болмақ.
Астанада өткен Шанхай ынтымақтастық саммитінде Қытай Төрағасы Ху Цзиньтао Ұйымның перспективалық дамуы туралы төрт ұсыныс жасап және Еуразиялық экономикалық форумды, өңірдегі экономиканың дамуын ынталандыру мақсатында аймақтық экономикалық ынтымақтастық алаңына айналдыру қажеттілігін айтқан болатын.
Биылғы форум «Еуразиялық ынтымақтастыққа инновациялар енгізу, трансформация мүмкіндіктерін пайдалану» тақырыбына арналады.
Естеріңізге сала кетейік, бұған дейінгі форумдар 2005, 2007 және 2009 жылдары осы Сиань қаласында өткен.
Пікір қалдырыңыз
Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін