Қытайда нөсер жауыннан мыңнан аса үй қирап, жүздеген адам жоғалып кетті - kaz.caravan.kz
  • $ 471.77
  • 547.25
+11 °C
Алматы
2026 Жыл
20 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қытайда нөсер жауыннан мыңнан аса үй қирап, жүздеген адам жоғалып кетті

Қытайда нөсер жауыннан мыңнан аса үй қирап, жүздеген адам жоғалып кетті

Қытайда төпелеп құйған нөсер жауыннан лай көшкіні басталды. Қазір елдің бірнеше провинциясында төтенше жағдай режимі жарияланған.

  • 17 Маусым 2016
  • 437
Фото - Caravan.kz


Бұл туралы Жас қазақ жазады.

Синьхуа агенттігінің ақпаратынша, төрт провинцияда, сондай-ақ Гуанси-Чжуан автономды ауданында табиғи апаттан 1,4 мыңнан аса үй қираған, көптеген ғимаратқа зиян келді. Жүздеген адам із-түссіз жоғалды. 13 адамның көз жұмғаны расталып отыр, ондағаны жапа шеккен. Қазіргі таңда оқиға орнына өрт сөндірушілер, полиция, құтқарушылар мен дәрігерлер тартылған.