Қытайда өлім жазасына кесілген қазақстандық елге оралды - kaz.caravan.kz
  • $ 474.83
  • 515.38
+23 °C
Алматы
2024 Жыл
26 Шiлде
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қытайда өлім жазасына кесілген қазақстандық елге оралды

Қытайда өлім жазасына кесілген қазақстандық елге оралды

Ақмола облысының тумасы есірткі тасымалдағаны үшін сотталған

  • 15 Желтоқсан 2017
  • 235
Фото - Caravan.kz

Қытайда өлім жазасына кесілген қазақстандық елге оралды, деп хабарлады Sputniknews Қазақстан сыртқы істер министрлігінің ресми өкіліне сілтеме жасап. 

 Жұма күні есірткі контрабандасы үшін сотталған қазақстандық Үрімшіден этаппен әкелінді.  

"Тұтқынды беру процесін Қазақстанның Қытайдағы елшілігі, ҚР Бас прокуратурасы және Қытай Әділет министрлігі ұйымдастырды", — деп түсіндірді Әнуар Жайнақов.

28 жастағы Ақмола облысының тумасы 2009 жылы Гуанчжоу қаласындағы Гуандун провинциясында есірткі тасымалдағаны үшін ұсталды. Сот ер адамды үкімді орындауды екі жылға кейінге шегере отырып өлім жазасына кесуге үкім шығарды. ІІМ мәліметінше, 2011 жылы үкім өмір бойы бас бостандығынан айыру жазасына ауыстырылды.  

Бас прокуратураның хабарлауынша, жұма күні ол Қытайдан Қазақстан аумағына әкелініп, Астанадағы уақытша ұстау абақтысына жабылды.  


2017 жылы Қытайдан Қазақстанға тағы төрт азамат этаппен әкелінген.  

Естеріңізге сала кетейік, ҚР Сыртқы істер министрлігі Қытайда сөмкесінен есірткі шығып, өмір бойына бас бостандығынан айырылған отандасымыз Ақжарқын Тұрлыбайды елге қайтаруға күш салып жатыр.