Қытайда қайтыс болған қыз бен жігіттің сыртынан той жасады - kaz.caravan.kz
  • $ 471.77
  • 547.25
+14 °C
Алматы
2026 Жыл
20 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қытайда қайтыс болған қыз бен жігіттің сыртынан той жасады

Қытайда қайтыс болған қыз бен жігіттің сыртынан той жасады

Шаньси қытайлық провинциясында үш жыл бұрын қаза тапқан баласын қайтыс болған қызға үйлендіру үшін ерлі-зайыптылар 28 мың доллар төледі. Қытайда үйленбей қаза табу үлкен күнәға жатады. Сондықтан көпшілігі көз жұмғаннан кейін де үйлендіреді екен.

  • 18 Мамыр 2016
  • 417
Фото - Caravan.kz

Бұл дәстүр негізінен Қытай ауылдарында кең тараған. Шаруалар туыс-туғаны үйленбей қайтыс болып кетсе ұрпағын қарғыс атады деп қорқады. БАҚ хабарлауынша, 28 мың доллар — мұндай дәстүрді өткізу үшін жақсы баға, деп жазды Vesti.ru

Өлген адамдарды үйлендіру ҚХР-да кең тараған. Әйелдердің мәйіті жетіспегендіктен, елде өлі денелерді сататын қара нарық қалыптасқан.  Кедей адамдар пайда табамын деп таныстарын өлтіруге баратын да көрінеді.