Қытайда қатты жел соғып, салмағы 6 тонна ескерткіш құлады
![]() |
Қытайдың Биньчжоу қаласында Цин династиясының негізін салған императорға қойылған ескерткіш құлады. Аталған ескерткіштің салмағы – 6 тонна. Ал оның құлауына қатты жел себеп болған. |
Бұл туралы Baq.kz ақпарат агенттігі bbc.com сайтына сілтеме жасап хабарлайды.
Цинь Ши Хуанди императорының 19 метрлік ескерткіші 2005 жылы Биньчжоу қаласында бой көтерген-ді. Global Times газетінің жазуынша, қатты жел салдарынан ескерткіш құлап сынған.
Жұмысшылар ескерткішті кран көмегімен көтеріп, алып кетті.
«Мұны жұртшылықтан жасыру мүмкін емес. Бүгінде барлығының қалтасында бір-бір телефон бар. Сол себепті мұндайды жасыру мүмкін?» - дейді ескерткішті көтерген жұмысшылардың бірі.
Ескерткіштің іші бос қуыс болған.
Естеріңізге сала кетсек, Цинь Ши Хуанди б.з.д. 221-206 жж Қытайдың негізгі провинцияларын біріктірді. Осы император тұсында Ұлы Қытай қорғанының негізі қалана бастады.
Оқи отырыңыз:
Ертіс өзенінде алдағы аптада сең жүре бастайды
ОҚО-да араздасқан көрші ауылдың жігіттері бір-бірімен атысты
Сал ауруына шалдыққан 12 жасар қыз “Балапан” арнасының жүргізушісі атанды
Пікір қалдырыңыз
Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін