Қытайда қуаңшылықтан 35 млн адам зардап шегіп отыр - kaz.caravan.kz
  • $ 444.22
  • 476.38
+8 °C
Алматы
2024 Жыл
26 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қытайда қуаңшылықтан 35 млн адам зардап шегіп отыр

Қытайда қуаңшылықтан 35 млн адам зардап шегіп отыр

Қытай провинцияларының 35 млн тұрғыны Янцзы өзенінің орта және төменгі сағасының құрғауына байланысты туындаған қуаңшылықтан қатты зардап шегіп отыр, деп хабарлайды жергілікті БАҚ.

  • 30 Мамыр 2011
  • 466
Фото - Caravan.kz

Сарапшылардың айтуына қарағанда, қуаңшылықтан 15 млрд юань (2,3 млрд $) шығын келтірілген, 3,7 млн егістік алқабы күйіп кетті.

Апаттан Цзянсу, Аньхой, Цзянси, Хубэй және Хунань провинциялары зардап шеккен. Биылғы жылдың қаңтар айынан бері бұл аймақтарға жауған жауын-шашын мөлшері жылдағымен салыстырғанда 60% кеміген.
Орталық үкімет қуаңшылықпен күресуге 2 млрд юань (312,5 млн$) бөлді.
Сонымен қатар, жергілікті билік Янцзы өзенінің төменгі сағасындағы халықты сумен қамтамасыз ету үшін «Санься» гидроэнергетикалық кешенінің қоймасынан ағатын су мөлшерін айтарлықтай көбейтті.

Соңғы жаңалықтар