Жарияланды: 20

Қытайда Ресейден келген тауық еті қаптамасынан коронавирус табылды

Қытайда Ресейден келген тауық еті қаптамасынан коронавирус табылды Сурет - Хабар 24

Қытайдың Дунгуань қаласындағы ауруларды бақылау және алдын алу орталығының мамандары Ресейден келген мұздатылған тауық табанының қаптамасында коронавирустың іздерін тапты.

Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы Хабар 24-ке сілтеме жасап хабарлайды.

Осылайша инфекция қалаға шетелден әкелінген ет өнімдерін тексеру кезінде анықталды.

«Аргентинадан әкелінген тауық қанаттарының партиясынан және Ресейден әкелінген мұздатылған тауық аяқтарының партиясынан алынған үлгілер коронавирустың нуклеин қышқылына оң сынақтан өтті», – делінген орталық хабарламасында.

Тауық табанының бұл партиясы дереу мөрленіп, қоймалар дезинфекцияланғаны атап өтілді.

Зертхана қызметкерлерінің немесе мамандарының ешқайсысы инфекцияны жұқтырмағаны белгілі болды.

Соңғы тәулікте Қытайда коронавирустың 28 жаңа жағдайы анықталды: 17 белсенді және 11 асимптоматикалық.

 

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін