Жарияланды: 370

Қытайда салынып жатқан метро туннелінің опырылуы салдарынан қаза тапқандар саны бес адамға жетіп, 18 адам хабар-ошарсыз кетті

Алматы. 17 қараша. "Қазақстан Бүгін" - Қытайда салынып жатқан метро туннелінің опырылуы салдарынан қаза тапқандар саны бес адамға жетіп, 18 адам хабар-ошарсыз кетті, деп хабарлайды агенттік тілшісі "Синьхуа" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасап.

Ханчжоу қаласы (Чжэцзян провинциясы) үкіметінің хабарлауынша, бүгін түс кезінде қаза тапқан тағы екі адамның мәйіті табылды. Сөйтіп, салынып жатқан метро туннелінің опырылуы салдарынан қаза тапқандар саны бес адамға жетіп, 18 адам хабар-ошарсыздар санатында. Қазір оқиға орнында құтқару-іздестіру шаралары қарқынды жүргізілуде. Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін