деп хабарлады қытайлық баспасөз.
Лю Ханмен қатар оның төрт сыбайласы да жазаланды, оның ішінде інісі Лю Вэй.
Лю Вэйге қатысты 13 айып тағылған, оның ішінде сыбайластық, адам өлтіру, заңсыз қару сату, қылмыстық топ ұйымдастыру және басқару.Тергеу деректеріне қарағанда, ағайынды Лю және оның сыбайластары қылмыстық жолмен 7 млрд АҚШ долларын алған.
Ағайынды Лю 1997 жылы "Ханьлун" компаниясын құрған. Ол Сычуань провинциясында ірі жекеменшік кәсіпорынға айналған.Тергеу анықтағандай, ағайынды Лю адам өлтіретіндер бандасын жалдаған, кәсіпорын болса бірте-бірте қылмыстық ұйымға айнала бастаған.
Сот үкіміне орай "Ханьлун" сондай-ақ 48 млн АҚШ доллары көлемінде айыппұл төлеуге тиіс.