Жарияланды: 350

Қытайдан әкелінген автокөліктен өндірілген қаржы мөлшері өскен

2011 жылдың 5 айында Қытай Халық Республикасынан әкелінген тауарлардан түскен кеден төлемдері мен салықтарына жүргізілген салыстырмалы талдау 1 автокөліктен өндірілген қаржы мөлшерінің өскендігін байқатты.

Бұны бүгін журналистермен болған баспасөз мәслихатында Кедендік бақылау комитеті төрағасының орынбасары Игорь Тен айтты. Оның сөзіне қарағанда, республика бойынша 2011 жылы 1 автокөліктен орташа өндірілген сома 1372,4 мың теңгеге тең болып отыр, бұл 2010 жылдың көрсеткішінен 37 пайызға артық. «Қаржы министрлігінің Кедендік бақылау комитеті Қытайдан әкелінетін тауардың 1 автокөлігінен алынатын кеден төлемдері бойынша мониторингті және талдауды күнделікті жүргізіп отыр»,-деді төрағаның орынбасары.

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін