Қытайдың оңтүстігінде «құс тұмауы» өршіп тұр - kaz.caravan.kz
  • $ 464.71
  • 531.26
+21 °C
Алматы
2026 Жыл
10 Шiлде
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қытайдың оңтүстігінде «құс тұмауы» өршіп тұр

Қытайдың оңтүстігінде «құс тұмауы» өршіп тұр

Гуандун провинциясында (Оңтүстік Қытай) осы айда H7N9 құс тұмауын жұқтырған бесінші адам тіркелді, деп хабарлайды «Синьхуа» агенттігі.

  • 19 Желтоқсан 2013
  • 370
Фото - Caravan.kz

Бесінші болып тіркелген 62 жастағы ер адамның жағдайын дәрігерлер нашар дейді.

Жергілікті билік «құс тұмауы» өршіген мекендерде алдын алу іс-шараларын жүргізу және науқастарға жәрдем көрсету үшін инспекциялық топтарды жіберу туралы шешім қабылдады.

Жалпы алғанда, Оңтүстік Қытайда, Сянган (Гонконг) арнайы әкімшілік ауданын қоса алғанда, құс тұмауымен ауырған жетінші адам тіркеліп отыр.


Еске сала кетейік, Гонконгта H7N9 вирусын жұқтырған алғашқы адам 2 желтоқсанда анықталды. Индонезиядан жұмысқа жалданып келген әйел бұл ауруды құрлықтық Қытайдағы (Гуандун провинциясында) құс базарынан жұқтырған болатын.