Жарияланды: 420

Қытайдың оңтүстік-батысында магнитудасы 4,6 балл үш жер сілкінісі болды

Алматы. 14 қараша. "Қазақстан Бүгін" - Қытайдың оңтүстік-батысындағы Сычуань провинциясында бүгін магнитудасы 4,6 балл құрайтынүш бірдей жер сілкінісі болды. Құрбан болғандар мен қираулар жайлы ақпарат әзірге келіп түскен жоқ, деп хабарлайды агенттік тілшісі РИА "Новости" агенттігіне сілтеме жасап.

Жер асты дүмпулері жергілікті уақытпен сағат 11.30 кезінде тіркелген. Провинцияның әкімшілік орталығы - Чэнду қаласында да тербелістер сезілді. Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін