Қарыздың бұлайша өсуі қаржылық дағдарыстың пайда болуы тәуекелін арттырады немесе ҚХР экономикасы өсуінің бәсеңдеуіне әкеп соқтырады, деп ескертеді басылым сауал салған экономистер.
2016 жылғы наурызда Қытайдың қаржы билігі экономикаға триллион юаньға жуық жаңа несиелер бағыттады, бірінші тоқсанда қаржы құю 2,6 триллион юаньға жетті. Соның нәтижесінде 2016 жылғы наурыздың соңында сыртқы және ішкі қарыз сомасы 163 триллион юаньға немесе 25 триллион долларға бір-ақ секірді, деп есептейді The Financial Times.
Қытайдың қарызы көлемі жағынан әлемнің дамыған экономикаларымен теңесті. Халықаралық есеп айырысу банкінің мәліметтері бойынша, оларда орташа ІЖӨ-нің 175 пайыз қарыздық жүктемесі бар. Бұл көрсеткіш бойынша Жапония алда келеді — ІЖӨ-нің 379 пайызы. Екінші орында — Грекия — ІЖӨ-нің 300 пайызы. Ұлыбритания мен АҚШ-тың қарызы тиісінше ІЖӨ-нің 245 және 244 пайызын құрайды.
Кез келген ірі ел қарыздың бұлайша шұғыл өсуінен қаржылық дағдарысқа ұшырайды немесе экономикалық өсімнің ұзаққа созылған баяулауына әкеліп соқтырады», — деп атап өткен Goldman Sachs инвестициялық стратегі Ха Джиминнің сөздерін келтіреді материалда The Financial Times.
2015 жылдың қорытындысымен Қытайдың ІЖӨ 6,9 пайызға өсті — бұл соңғы ширек ғасырдағы нашар көрсеткіш. ҚХР-дың даму және реформалар жөніндегі ұлттық комиссиясы ақпанда 2016 жылғы ІЖӨ өсімінің мақсатты диапазонын 6,5-7 пайыз деп белгілеген болатын.
ҚХР Мемлекеттік статистикалық комитетінің мәліметтері бойынша, 2015 жылы Қытайдың өнеркәсіп кәсіпорындарының жиынтық табысы 6,4 триллион юаньға немесе 973 миллиард долларға құлдырады. Бұл төмендеу өнеркәсіп өнімдеріне төмен сұраныстың әсерінен болды, соның салдарынан компаниялар өндірісті қысқартып, бағаны төмендетті.