Қытайдың шығысында тайфунның арты су тасқыны мен селге ұласты - kaz.caravan.kz
  • $ 471.93
  • 548.43
+19 °C
Алматы
2026 Жыл
20 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қытайдың шығысында тайфунның арты су тасқыны мен селге ұласты

Қытайдың шығысында тайфунның арты су тасқыны мен селге ұласты

Қытай шығысындағы Чжэцзян провинциясының билігі хабарлағандай, жойқын тайфун тудырған су тасқыны мен сел ағыны салдарынан кем дегенде 12 адам қаза тапты, деп хабарлады Би-би-си.   

  • 10 Тамыз 2015
  • 440
Фото - Caravan.kz

Дауылдың жақындауына байланысты сенбі күні ондаған мың тұрғын қауіпсіз жерге көшірілген. Жексенбіде тайфун солтүстік бағыттағы жағалауға қарай ығысты.

Провинцияның кей өңірлерінде тәулік ішінде   жауын-шашын көлемі жарты метрге дейін жетті, бұл соңғы жүзжылдықта рекордты көрсеткіш болып табылады.

Табиғи апат шығыны жүздеген миллион долларды құрайды деп хабарлануда.


Сенбіде осы дәрежедегі  тайфуннан  Тайвань тұрғындары зардап шеккен.