Қытайға қола медаль сыйлаған этникалық қазақ туралы не білеміз? - kaz.caravan.kz
  • $ 447.4
  • 477.55
+11 °C
Алматы
2024 Жыл
19 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қытайға қола медаль сыйлаған этникалық қазақ туралы не білеміз?

Қытайға қола медаль сыйлаған этникалық қазақ туралы не білеміз?

Қытай еліне қола медаль сыйлаған Уәлихан Серікұлы туралы не білеміз?

  • 4 Тамыз 2021
  • 249
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы хабарлайды.

Уәлихан Сайлауке (ХОК сайтындағы ресми хаттамаларда дәл осылай аталады) Токиодағы жазғы Олимпиаданың қола жүлдегері атанды. Грек-рим 60 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде күміс медальіне ие болған спортшы.

Оның негізгі аты-жөні — Уәлихан Серікұлы. Қытай елінің атынан қатысқан этникалық қазақ..

ҚХР елінің атынан қатысқан грек-рим күресінің "қазақ" жұлдызы туралы не білеміз?

Ол 29 жаста. Ол 1992 жылы 3 наурызда дүниеге келген. 2004 жылы мектепте оқып жүрген кезінде Уәлихан оқушылар арасындағы күрес бойынша жарыстарға қатысып, үшінші орынға ие болды. Содан кейін ол Карамайдағы әуесқой спорт мектебіне жіберілді, онда ол өзінің спорттық мансабын бастады.

2016 жылы Қытайдың бас спорт басқармасы оны ұлттық деңгейдегі элиталық спортшы деп атады. Осы кезде Уәлихан халықаралық деңгейде елеулі биіктерге жете алмады, бірақ шенеуніктер оның зор әлеуетін көре білді. Қытай қазағы Римде өткен халықаралық турнирге қатысса, 2018 жылы Будапештте өткен турнирде "қола" жүлдеге ие болды. 2019 жылы ол Нұр-сұлтан қаласында өткен әлем чемпионатына Қытай құрамасы сапында қатысып, 11-ші орынға ие болды.

Токиода Уәлихан алғашқы жекпе-жегінде неміс спортшысы Кинсингерді жеңді, бірақ ширек финалда жапондық Фумитадан жеңілді. Серікұлы "қола" жүлдесі үшін бақ сынады. Жұбаныш раундында (утешительный раунд) ол алжирлік Ферғатты жеңді, ал медаль үшін айқаста украиндық Ленур Теміровтан мықты болды.


Халықаралық олимпиада комитеті сайтында атап өтілгендей, Олимпиада басталмас бұрын, Уәлихан Сайлике Олимпиада ойындарының медалін жеңіп алуды, сондай-ақ Шэньсидегі ҚХР-2021 ұлттық ойындарында жеңіске жетуді армандайтынын мәлімдеген.

 

Соңғы жаңалықтар