Жарияланды: 500

Қытайлар қазақ тілін университетте оқытатын болды

Қытайлар қазақ тілін университетте оқытатын болды

Қытайдағы Шанхай шет тілдер университетінде биылдан бастап «Қазақ тілі» мамандығы ашылады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Шанхай университетінің ресми сайтында Қытайдың білім министрлігінің жаңа мамандықтар ашу туралы жоғары оқу орындарының ұсыныстарына берген жауабы жарияланды.

Онда аталмыш университет қабырғасынан тағы төрт шет тілі мамандары даярлана бастайтыны айтылған.

«Шанхай шет тілдер университетінің орыс тілі факультетіне «Бір белдеу - бір жол» жобасы аясында экономикамен тығыз байланысты мемлекеттік бағдарламаларды дамытуға қажетті мамандарды даярлау мақсатында, қазақ, өзбек, поляк және чех тілдері мамандықтарын қосу туралы шешім қабылданды», - деп жазылған.

«Қазақ тілі» және «Поляк тілі» мамандықтарына алғашқы абитуриенттер 2017 жылдың қыркүйегінен қабылданады.

Шанхай университеті 1949 жылы құрылған және шет тілдерін оқытатын Қытайдағы ең үлкен ЖОО. Бүгінде онда 32 түрлі тіл мамандығы бар.

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін